Медиа сауаттылық

2020 жылдың қыркүйек айы мен 2021 жылдың қараша айы аралығында Bilim Barine Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің Ағылшын тілі бағдармаларының аймақтық кеңсесінің қаржылық қолдауымен “ Design and Implementation of Media Literacy Course into the Updated Secondary Education English Language Curriculum and Higher Education EFL Programs” жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында біз университет студенттері мен мектеп оқушыларына арналған мазмұн мен тіл кіріктірілген оқыту әдісін (Content and Language Integrated Learning – CLIL) қолдана отырып ағылшын тілінде Медиасауаттылық оқу бағдарламасын әзірледік. Медисауаттылық оқу бағдарламасы шәкірттердің ағылшын тілі деңгейін жетілдіре отырып, оларды сыни тұрғыдан ойлау мен медиа-мазмұнды талдауға үйретуге бағытталған.

Жоба фасилитаторлары бір жыл бойы Қазақстанның түкпір түкпірінен жиналған 500 астам ағылшын тілі оқытушылары мен мұғалімдерін медиасауаттылықты ағылшын тілі бағдарламасына тиімді түрде енгізіп, студенттер мен оқушыларға оқыту тақырыбында тренинг өткізді.

Жоба нәтижесінде Қазақстанның әр облысында орналасқан 15 жоғары оқу орын және 17 ауылдық мектеп ағылшын тілінде Медиасауаттылық бағдарламасын таңдау пәні немесе факультативтік курс ретінде енгізді. Жоба 2021 жылдың қараша айында 200 жуық Орталық Азия мен АҚШ педагогтарының қатысумен ұйымдастырылған халықаралық виртуалды конференциясымен аяқтылды.