Зертханалық жұмыс №1. Метан шығарындыларының пайда болуы немесе биогазды өндіруКіріспеБұл зертханалық жұмыста студенттер тұрмыстық материалдардан биогаз өндіру реакторын жобалайды және құрастырады, бірнеше апта ішінде өндірілген биогазды жинап, оны сынақтан өткізеді. Биогаз реакторын газдалған сусындар бөтелкелері немесе басқа да тұрмыстық материалдардан жасайды. Керек материалдар тізімі төменде берілген. Материалдардың ауқымы неғұрлым кең болса, студенттер соғұрлым шығармашыл бола алады. Сондай-ақ биогаз реакторын құрастыру денсаулық пен қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан арнайы тәуекелдерді бағалау қажет және қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
Зертханалық жұмыстың мақсаттарыБұл зертханалық жұмыстан кейін студенттер білуі керек:
- Органикалық қалдықтарды биореакторға жібермес бұрын бөлшектеу немесе ұсату микробтардың тезірек ыдырауына неліктен көмектесетінін түсінеді.
- Биореактордағы су мөлшерінің метан немесе биогаздың өндірілуіне қаншалықты маңызды екенін түсінеді.
- Эксперименттік қондырғыны құрастыруды, эксперимент жасауды және оны бақылауды үйренеді.
- Биогаз/метан өндірісі мен микробтардың белсенділігі арасындағы байланысты түсінеді.
- Деректерді жазуға, талдауға және түсіндіруге машықтанады.
- Ауылшаруашылық қалдықтарын және басқа органикалық қалдықтарды басқаруды және олардан бөлінетін метан газын пайдалануды үйренеді.
Қажетті материалдар
- 2 литрлік бөтелкелер
- 0.5 литрлік бөтелкелер
- резеңке немесе пластикалық түтікше
- қысқыштар
- әр студентке зертханалық қолғап, қауіпсіздік көзілдірігі, зертханалық халат
- пластикалық бөтелкелерді таңбалауға арналған кеңсе пышағы немесе маркер
- градуирленген цилиндр
- деректерді жинау парағы (1-қосымша)
- асханадан алынған 1.5 кг тамақ қалдықтары
- 1.5 литр ірі қараның көңі
- желім пистолеті және желім таяқшалары
- бұрғылау құралдары немесе бөтелке қақпағындағы тесіктерді жасау үшін арнайы пышақ
- өлшеуіш стақан немесе арнайы ыдыс
- әр топқа 1.5 литр су (егер краннан алынған су болса, 24 сағат бойы бөлме температурасында қалдырылған жөн, себебі хлордың таралуына көмектеседі)
- кенсе пышақ пен кесу тақтасы
- графикалық қағаз, графиктерді салуға арналған түрлі-түсті қарындаштар/маркерлер
Метан шығарындыларының немесе биогаздың түзілуіАнаэробты ас қорыту – органикалық материалдарды ауа немесе оттегісі жоқ ортада ыдырату процесі. Органикалық заттар ыдыраған кезде ол биогаз бөледі, ал оны пропан немесе табиғи газ сияқты отын көзі ретінде пайдалануға болады. Анаэробты ас қорыту процесі табиғатта үнемі жүреді. Дәл осындай процесс сиырдың асқазанында болады, бұл олардың метан газын шығаруына әкеледі. Анаэробты ас қорыту сонымен қатар балық қалдықтары, қураған жапырақтар мен өсімдіктер баяу ыдырайтын батпақтар мен көлдердің түбінде жүреді. Анаэробты қорытуды бүкіл әлемдегі инженерлер қоқыс, тамақ, ауыл шаруашылығы және адам қалдықтары сияқты күрделі органикалық қалдықтарды ыдырату үшін пайдаланады. Анаэробты ас қорыту биогазды түзіп қана қоймайды, сонымен қатар органикалық «қалдықтардағы» барлық қоректік заттарды шығарады, осыған байланысты оларды өсімдіктердің өсуі үшін тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады.
Биореактор құрастыруБиореакторды құрастыру бірнеше негізгі бөлшектерден тұрады: газды өлшеуге арналған бөтелке, анаэробты ас қорыту реакторы, органикалық материалды дайындау.
Газды өлшеуге арналған бөтелкені дайындау:
- Үш 0.5 литр су бөтелкесінің түбінен 2 см кесіңіз;
- Қақпақ үстел үстінде болатындай қақпағымен бөтелкені төңкеріңіз, 50 мл ағын суды градуирленген цилиндр ыдыспен өлшеп, төңкерілген бөтелкеге құйыңыз. Кейін, бөтелкенің бетіне су деңгейінде маркермен «50 мл» таңбаны белгілеңіз. 50 мл ағын суды қайта-қайта құю арқылы «100 мл», «150 мл», т.с.с. белгілеңіз.
- 2 литрлік бөтелкелердің 3-ін ортасынан екіге бөліңіз. Төменгі жағы экспериментке қолданылады, яғни сумен толтырылып газды өлшейтін бөтелкелерде газды ұстау үшін қолданылады.
- Әрбір газ өлшеу бөтелкесінің қақпағын ашыңыз және бөтелке қақпағы орналасатын жағын жоғары қаратып, кесілген 2 литрлік бөтелкеге орналастырыңыз. Бөтелкені 1-суретте көрсетілгендей толығымен сумен толтырыңыз.