English
Қазақ тілі
Русский
Войти
Пожертвовать
Команда
8. Ауыл шаруашылығында метан шығарындыларын азайту бойынша жетекші елдер

Ауыл шаруашылығында метан шығарындыларын азайту бойынша жетекші елдер


Метан - климаттың өзгеруіне байланысты парниктік газдарды тудыратын маңызды фактор болып табылады. Ғалымдардың болжауынша климаттың өзгеруі жер шарының барлық аумақтарын қамтып, халық санының күннен-күнге өсуіне байланысты алдағы уақытта дүние жүзінде адамзат баласы ауыл шаруашылығы қысымның әртүрлі бұрын-соңды болмаған қиындықтарына тап болып, соның ішінде жайылымдардың азаюы, қазба отындар мен су ресурстарының сарқылуы, азық-түлік жетіспеушілігі сияқты тұрмысқа ең қажетті ресурстардың жетіспеушілігін тартады деп болжауда.

Қоғамның мал шаруашылығына деген қажеттіліктің артуы парниктік газдар, әсіресе метан бойынша қосымша зерттеулерді қажет етеді. Метанның қоршаған ортаға экономикалық әсерін азайту үшін жануарлардан бөлінетін метан шығарындыларын азайтудың биотехнологияға қатысты жан-жақты стратегияларды қажет етеді. Бұл стратегиялар мал шаруашылығынан бөлінетін метан шығарындыларын бағалауға және оның көлемін төмендетуге нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылық секторы әлемдегі метан шығарындыларының шамамен 40% құрайды (БҰҰ-ның
Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы, 2021). Ауыл шаруашылығындағы метан шығарындыларының басты бөлігі жануарлардан шығарылады. Ауыл шаруашылығы дамушы елдердегі негізгі кәсіп және табыс көзі болғандықтан, метан шығарындыларын азайту шаралары климаттың өзгеру қаупін төмендетуге ықпал жасайды.

Париж келісімі жер шарындағы орташа температураның көтерілуін 2°C-қа дейін шектеуге бағытталған, сонымен қатар, оның көтерілуін өткен ғасырмен салыстырғанда 1,5°C-қа дейін шектеуге міндеттелді. (БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенция, 2015). Метан соңғы онжылдықта температураның шамамен 0,5°C көтерілуіне ықпал етті (IPCC, 2021). Ауылшаруашылық секторындағы метан және азот оксиді сияқты парниктік газдар шығарындылары көптеген себептерге байланысты ескерілмейді және бағаланбайды, соның ішінде:
1) олардың азық-түлік қауіпсіздігі жағдайындағы маңыздылығы;
2) оның қоршаған ортаға шығу көздерін анықтау;
3) сандық бағалау қиындықтары;

CO2-ден басқа парниктік газдар шығарындыларын бақылауға арналған бірнеше ұлттық және халықаралық орындар бар, олардың ішіндегі ең көрнектілері халықаралық метанды бақылау орталығы және халықаралық метан шығарындылары обсерваториясы. Ауылшаруашылық секторынан метанды негізінен күйіс қайыратын жануарлардың (ірі қара, қой және т.б.) асқазан-ішек жолдары арқылы шығарады.

2022 жылдың 19 желтоқсанында ЕО мемлекеттері арасында өткен кеңесінде метан шығарындыларын азайтудың жаңа ережелері туралы келісімдер жасады. Ол жерде энергетикалық сектордағы метан шығарындыларын бақылау және азайту туралы ұсыныс бойынша келісімге келіп, сондай-ақ, метан көмірқышқыл газынан кейінгі екінші маңызды парниктік газ және оның мөлшерін азайту адамзат баласы үшін өзекті мәселе болды [1]. Ауыл шаруашылығында метан шығарындыларын азайтуға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша көшбасшы мемлекеттер мысалында төмендегідей мәліметтер келтірілді:
1. ЕО мемлекеттері стратегияларының басымдықтарының бірі - метан шығарындыларын өлшеу мен есеп беруді жетілдіру. ЕО-ның спутниктік бағдарламасы бақылауды жақсартып, метанның бөлінуін анықтауға көмектеседі, сонымен қатар, стратегиялық жоспарларына метан шығарындыларын азайту схемаларын енгізуді ынталандырады. Ондай әдістер тізбегі келесідей:
  • ЕО мемлекеттері 2021 жылдың бірінші жартысыннан бастап метан шығарындыларының көрсеткіштерін талдау үшін сарапшылар тобын құру үстінде. Бұл топ мал шаруашылығын, көң мен жемді пайдалануды, жем-шөп құрамын, жаңа технологиялар мен метан шығарындыларын төмендететін әдістерді қарастырады.
  • 2021 жылдың соңында энтеральды ашыту нәтижесінде пайда болатын метанға ерекше назар аударып, оның шығу көздерін төмендету бойынша тәжірибелер мен қолжетімді технологияларды қарастырады.
  • ЕО комиссиясы 2022 жылдан бастап шаруа қожалықтары деңгейіндегі көміртегі балансын есептеуді ынталандыру үшін парниктік газдар шығарындылары мен сіңірілуін есептеудің жолдары бойынша ұсыныстар дайындауда.
2. АҚШ метан шығарындылары бойынша климаттың өзгеруіне қарсы күресте жетекші ел болып табылады және метан шығарындыларын азайтудың қарапайым технологиялары мен әдістерін жетілдіруде жоғары тәжірибеге ие. Бұл жаңа әдістер метан шығарындыларын, олардың шығу көздері мен мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді [2].

АҚШ жаһандық метан міндеттемесін басқару үшін ЕО-мен серіктестікте жұмыс істей отырып, 2030 жылға қарай дүние жүзінде жалпы метан шығарындыларын 2020 жылғы деңгейден 30% - ға төмендету арқылы бүкіл әлем бойынша метан шығарындыларымен күресу әрекеттерін ынталандыру үстінде. Онда метан шығарындыларын азайту жөніндегі бұл іс-қимыл жоспары АҚШ-тағы метан шығарындыларының ең ірі көздерінен бастап, қарапайым тұрмыстағы ластануға дейін азайтуға бағытталған. АҚШ метан шығарындыларын анықтау және азайту үшін барлық қол жетімді құралдарды, қаржылық ынталандыруды және мемлекеттік жекеменшік серіктестікті ынталандыратын оңтайлы ережелерді қолданады. [3].

Президент Байден ұсынған "Build Back Better" бағдарламасы метан шығарындыларын азайтуға да бағытталған. Бұл инвестициялық бағдарлама АҚШ-тың ішкі істер министрлігіне бүкіл ел бойынша кәсіподақ қызметкерлерін тарта отырып, жүздеген мұнай және газ ұңғымаларын, соның ішінде әлі де метан шығаратын көптеген карьерлерді бітеп тастайтын агрессивті бағдарламаны іске қосуға мүмкіндік береді. "Build Back Better" бағдарламасы қазіргі уақытта қараусыз қалған мыңдаған көмір шахталарынан метан шығарындыларының айтарлықтай төмендеуіне әкелетін жұмыстарды қаржыландыра отырып, қараусыз қалған шахталар жерлерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл кеңейтілген бағдарлама ондаған мың білікті жұмысшыларды, әсіресе бүкіл елдегі энергетикалық қауымдастықтарды тартады [4].

АҚШ-та ауыл шаруашылығы секторы метан шығарындыларының негізгі көзі болып табылады. Мұнда, ауыл шаруашылығындағы метан шығарындылардың ең үлкен көздеріне көңді өңдеу, жануарлардың асқазан-ішек жолдары арқылы және күріш өсіру кезіндегі бөлінетін метан жатады.

Байден АҚШ-тағы фермерлерді парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және қазба отындарын ауыстыру үшін биоотын өндіруге мүмкіндік беретін “climate-smart” әдісін енгізді. АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі ауылшаруашылық секторында метан шығарындыларын азайту бойынша көптеген жұмыстар жүргізуде, соның ішінде:
  • көңді басқарудың балама жүйелерін және метанды азайтудың басқа әдістерін енгізу;
  • фермаларда өндірісті кеңейту және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану;
  • климаттық өзгерістерді ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарлары саласындағы серіктестік жұмыстарын жетілдіру;
  • ауыл шаруашылығындағы метанды сандық анықтауға инвестициялардың ұлғаюы және соған байланысты инновациялар [5].
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі көңді басқаруды жетілдіретін және метан шығарындыларын айтарлықтай азайтатын жаңа тәжірибелерді енгізуге ынталандыру үшін әртүрлі қолданыстағы бағдарламалар арқылы қарқынды тәжірибелер жүргізуде. Мысалы, табиғи ресурстарды қорғау қызметі, қоршаған орта сапасын жақсартуды ынталандыру және қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары бар. Оған: қолданыстағы анаэробты лагуналарға қақпақтарды орнату арқылы метан жинау, оны пайдалану немесе жою; метан түзетін суспензиялардың санын азайтатын қатты сепараторларды орнату; терең шұңқырлар, компосттау, жайылымды ауыстыру сияқты басқа да әдістер көңді өңдеудің балама жүйелеріне көшу кезінде табиғатты ластамау; күріш өсіруде метан шығарындыларын азайтуда мемлекеттен қолдау және күріш алқаптарын суғаруда су ресурстарын тиімді пайдалану, құрғақшылыққа жол бермеу [6];

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі 2021 қаржы жылында 10 миллион долларлық EQIP Climate Smart Agriculture and Forestry пилоттық бағдарламасын ұсынды, ол метан шығарындыларын азайту үшін анаэробты қайнатқыштар мен күрішті өңдеудің жеке әдістеріне бағытталған бағдарламаларды жетілдіруге арналған. Ал, 2022 қаржы жылында бұл бағдарлама метан шығарындыларын азайтудың қосымша басымдылығын қолдау үшін бүкіл ел бойынша кеңейтілді [7].

“Build Back Better Аgenda” бағдарламасы ауыл шаруашылығындағы метан шығарындыларын азайту амбициясының жоғары деңгейінің қосымша дәлелі болып табылады. Байден әкімшілігі 2030 жылы көң, күріш және асқазан-ішек жолдары арқылы метан шығарындыларын 26 миллион тоннаға және 2030-2035 жылдары шамамен 130 миллион тонна CO2-ге азайтуға мүмкіндік беретін қаржыландыру жобасы жолға қойылды [9].

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі метан шығарындыларын азайтуға және фермаларда жаңартылатын энергия көздерін өндіру мен пайдалануды кеңейтуге көмек беру үшін биогаз саясатын, бағдарламаларын және зерттеулерін жылдамдату үшін жаңа мемлекеттік жекеменшік серіктестікті бастайды. Мұнда, жасалынатын жұмыстарға мыналар кіреді:
  • Биогаз өнеркәсібін кеңейту үшін биогазды пайдалану мүмкіндіктері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобын құру.
  • AgSTAR бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарына, семинарлар мен келісімшарттарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған ақпараттық түсіндіру және оқу материалдарын әзірлеу.
  • Биогазды қалпына келтіру жүйелерін және осы саланы кеңейту үшін қосымша зерттеулер қажет бағыттарды дамыту жолындағы кедергілерді анықтау үшін консультативтік комитет құру [10].
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінен басқа метан шығарындыларын төмендету бойынша энергетика министрлігі барлық ауылшаруашылық операцияларында метанды өлшеу және бақылаудың инновациялық технологияларын қолдау білдіреді. АҚШ энергетика министрлігінің жетілдірілген зерттеу жобалары агенттігі (ARPA-E) өзінің SMARTFARM бағдарламасы шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын және далалық зерттеу жұмыстарында топырақтағы көміртегі динамикасын сандық анықтау жобаларын қаржыландырады. Сонымен қатар, SMARTFARM ауылшаруашылық алқаптарынан метан мен басқа парниктік шығарындыларды өлшеу технологияларын дамыту үстінде.

3. Жаңа Зеландия өнімділікті арттыруға және ауыл шаруашылығындағы парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған көптеген зерттеу бағдарламаларына инвестиция салуда. 2003 жылы ауылшаруашылық серіктестері құрған парниктік газдарды зерттеу консорциумы метан шығарындыларын азайтуға, соның ішінде вакцина ингибиторларын коммерциялық әзірлеу және ауыл шаруашылығы секторы үшін жануарларды өсірумен айналысады.

Жаңа Зеландия мал шаруашылығы шығарындыларының қарқындылығын төмендету бойынша бірлескен ғылыми жобаларды дамыту үшін жаһандық зерттеу альянсына (ЖЗА) айтарлықтай қаржылық үлес қосады. Жаңа Зеландия елдердің ұлттық және халықаралық деңгейде ауыл шаруашылығындағы парниктік газдар шығарындыларын өлшеу, бақылау және есеп беру мүмкіндіктерін жақсарту үшін іс-шараларын қолдайды. ЖЗА - бұл ауылшаруашылық парниктік газдарын төмендететін зерттеуші топ.

Жаңа Зеландияда ауыл шаруашылығындағы парниктік газдар шығарындыларын теңіз балдырларын мал азығына қосу арқылы азайтуға бағытталған грант сияқты қаржыландыратын жобалар жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Жаңа Зеландияда қалдықтарды азайтудың негізгі механизмдерінің бірі - салық енгізу болып табылады. Салық жаңа зеландиялықтарды өздері өндіретін қалдықтар үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға және қалдықтарды азайтудың, қайта пайдаланудың, қайта өңдеудің тиімді жолдарын табуға ынталандырады. Салықтан түскен кірістер жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен орталық қалдықтарды азайту қорын қаржыландыру арқылы қалдықтарды өңдеу бағдарламалары мен инфрақұрылымына инвестициялау үшін пайдаланылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Совет ЕС 19 декабря 2022 г. https://www.consilium.europa.eu/en/press/press-releases/2022/12/19/member-states-agree-on-new-rules-to-slash-methane-emissions/
  2. Importance of Methane | US EPA. https://www.epa.gov/gmi/importance-methane
  3. EPA. Inventory of U.S. Greenhouse Gas Emissions and Sinks: 1990-2019 (Apr. 2021). https://www.epa.gov/ghgemissions/inventory-usgreenhouse-gas-emissions-and-sinks-1990-2019.
  4. However, the IPCC AR6 assessment cautioned that “The effects of the SLCFs decay rapidly over the first few decades after pulse emission. Consequently, on time scales longer than about 30 years, the net long-term temperature effects of sectors and regions are dominated by CO2.”
  5. Methane and its byproduct were responsible for 0.97 W/m2 of radiative forcing in 2011. Source: IPCC, Fifth Assessment Report, Working Group I (AR5 WGI, Chapter 8, Table 8.SM.6) https://www.ipcc.ch/report/ar5/wg1/; see also https://www.unep.org/resources/report/ global-methane-assessment-benefits-and-costs-mitigating-methane-emissions?__cf_chl_managed_tk__=pmd_klV7g0qro37Br. pft6AALmDD6BPb42BQ0lkG2SuFfGk-1632076284-0-gqNtZGzNA2WjcnBszQc9
  6. Executive Order 14008. Tackling the Climate Crisis at Home and Abroad (Jan. 27, 2021). 86 FR 7619. https://www.federalregister.gov/ documents/2021/02/01/2021-02177/tackling-the-climate-crisis-at-home-and-abroad.
  7. USDA. Climate-Smart Agriculture and Forestry Strategy: 90-Day Progress Report (May 2021). https://www.usda.gov/sites/default/files/documents/ climate-smart-ag-forestry-strategy-90-day-progress-report.pdf.
  8. https://www.usda.gov/media/press-releases/2021/09/29/usda-announces-3-billion-investment-agriculture-animal-health-and
  9. ARPA-E. Systems for Monitoring and Analytics for Renewable Transportation Fuels from Agricultural Resources and Management. https://arpa-e. energy.gov/technologies/programs/smartfarm.
  10. DOE. Industrial Assessment Centers (IACS) (2021). https://www.energy.gov/eere/amo/industrial-assessment-centers-iacs
Пожертвовать
Подписаться
Bilim Barine Foundation
To empower and mobilize people of Kazakhstan through equitable and inclusive education.
Follow us
© 2023 Bilim Barine. | Powered by Bilim Barine
Terms and Conditions
Privacy Policy
About cookies
Навигация
Главная
Команда
Направления
Ресурсы
Экология
Контакты
Республика Казахстан, Мангистауская область, город Актау, 130000
Язык
English
Қазак тілі
Русский
Made on
Tilda