English
Қазақ тілі
Русский
Войти
Пожертвовать
Команда
9. Ауыл шаруашылығында метан шығарындыларын азайтудың шығын-пайдасын талдау

Ауыл шаруашылығында метан шығарындыларын азайтудың шығын-пайдасын талдау


Ауыл шаруашылығы метан шығарындыларының негізгі көзі болып табылады. Оның ішінде, күйіс қайыратын жануарлардан шығарылатын метан көлемі жоғары орында тұр. Ауыл шаруашылығында метан шығарындыларымен күресу қазіргі таңдағы климаттық дағдарыстың алдын-алудағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Метан күйіс қайыратын жануарлардың асқазан-ішек жолдары арқылы шығарылады (метаногендер). Халықтың ет өнімдеріне сұранысының артуы метан шығарындыларының артуына алып келеді. Метан шығарындыларын азайту қоршаған ортаға да, мал шаруашылығына да пайдалы болады [1]. Метан шығарындыларын барынша азайтудың негізгі факторлары ресурстарды тиімді басқару, оның қоршаған ортаға әсер ету дәрежесін қысқартудың оңтайлы әрі үнемді шараларын қолдану және қоршаған орта сапасын арттыруды көздейтін "жасыл" технологиялар мен орнықты өндіріс болып табылады. Дамыған мемлекеттерде метан шығарындыларын азайтуға бағытталған көптеген бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда. Оның ішінде - АҚШ, ЕО және Жаңа Зеландия мемлекеттері алғашқы орында тұр. Ал елімізде парникті газдардың, оның ішінде метан шығарындыларын төмендету бойынша жүгізіліп жатқан іс-шаралар мен технологияларға тоқталатын боламыз.

2021 жылдың қараша айында өткізілген үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы мен 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында парниктік газ шығарындыларын азайту жоспарланғанын туралы баяндалды. Онда, мал шаруашылығындағы метан шығарындыларын азайту үшін көң мен құс саңғырығын өңдейтін жабдықтарға 25% инвестициялық субсидиялау төлене бастағанын және күріш, мақта сияқты суды көп қажет ететін дақылдардың алқабын азайту үшін егіс құрылымын жақсарту үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Елімізде заманауи цифрлық технологияларды енгізу, ғарыштық мониторинг пен жерді қашықтан зондтау нәтижелерін пайдалану технологиялары салаға еніп келеді. Саланы техникалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды, жеңілдетілген субсидиялау бағдарламаларын іске асыру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, су үнемдеу технологияларын енгізу, гидромелиоративтік суару базасын жақсарту және олардың қызмет аймағын кеңейту арқылы суармалы егіншілікті дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Бұл ретте, заманауи суару жүйелерін сатып алу құнының 50%-ға дейін инвестициялық субсидиялау қарастырылған [2].

Қазіргі уақытта субсидиялау процесі автоматтандырылған және субсидия алуға өтінім беру gosagro.kz веб-порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады. Субсидияларды төлеу не төлемеу туралы шешімді адами фактордың ықпалынсыз ақпараттық жүйе қабылдайды, мұның өзі процеске қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауын жоққа шығаратындықтан, субсидияларды төлеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді [3].

Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері тарапынан жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға қызығушылық байқалады. Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, 7618 шаруашылық күн панельдерін, 33 шаруашылық жел генераторларын пайдаланады. Бұл ретте инвестициялық субсидиялау шараларын іске асыру есебінен 2030 жылға қарай күн панельдерін пайдаланатын шаруашылықтардың санын бірнеше есеге дейін ұлғайту көзделіп отыр екен. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жайылымдарды сумен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым құрып қана қоймай, шаруашылықты сумен қамтамасыз етеді, сонымен қатар отын, электр энергиясын үнемдеу есебінен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді [4].

Өз кезегінде ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15% - ға қысқарту міндеттемесін қабылдап, Париж келісімін ратификациялағаны туралы мәлімдеді.

Елімізде ет өндіру бойынша мал шаруашылығы секторындағы “мал шаруашылығын орнықты дамыту” жөніндегі бағдарламасын іске асыру басталды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - күйіс қайыратын жануарларды өсіру кезінде парниктік газдар шығарындыларын, соның ішінде көңді жинау, сақтау және пайдалану, жем өндіру және өнімнен кейінгі шығарындылар сияқты көздердің метан шығарындыларын азайту.

АӨК инновациялық дамуына кедергі болатын мәселелер:
  1. Аграрлық технологияларды қолданудағы консервативті тәсіл;
  2. Қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі, жаңа технологиялардың артықшылықтары туралы білім;
  3. Өндірістің ұсақ тауарлығы инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік бермейді;

Сонымен қатар, министрлік 2030 жылға дейін АӨК ұлттық жобасында ауыл шаруашылығында төмен көміртекті даму үшін негіз қаланды. Осы құжаттарды әзірлеу кезінде ТДМ мемлекеттері көздеген азық-түлікті тұрақты өндіру және ауыл шаруашылығын жүргізу тәсілдері де ескерілді.

Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына 2060 жылға дейін қол жеткізу стратегиясы


Жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты сезілетін қатерлер климаттық бейтарап дамуға көшу қажеттілігін негіздейді. Антропогендік парниктік газдардың (ПГ) нөлдік шығарындыларына жету үшін келісідей стратегиялар жасалынды:

1. Қазақстанның 2060 жылға қарай климаттық бейтараптыққа көшуінің мақсаттары мен нақты міндеттерін айқындау;
2. ПГ шығарындыларын азайту және көміртекті сіңіру көлемін ұлғайту жөніндегі ұлттық басымдықтарды әзірлеу;
3. Технологиялық дамудың негізгі бағыттарын айқындау және климаттық бейтарап экономикаға көшу үшін қажетті инфрақұрылымдық шешімдерді көрсету;
4. Осы стратегияның мақсаттарына қол жеткізу үшін әзірленуі және енгізілуі қажет климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту жөніндегі негізгі саясаттар мен шараларды сипаттау;
5. Климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті инвестициялар мен басқа да қаржы ресурстарына қажеттілікті бағалау, ішкі және халықаралық инвесторлар мен бизнес үшін басымдықтарды көрсету;
6. Жаңа жұмыс орындарын құру, бейтарап экономика үшін мамандар даярлау мүмкіндіктерін қоса алғанда, еңбек нарығы үшін трансформацияның салдарын бағалау;
7. Көміртегі бейтараптығына көшуге байланысты болашақ өзгерістерді, басымдықтарды және проблемаларды талқылауға әртүрлі мүдделі тараптарды (үкімет, жергілікті билік, бизнес, ғылыми орта, жергілікті қоғамдастықтар және азаматтық қоғам топтары) тарту;
8. Ұлттық экономика, қоғам және экожүйелер үшін климаттың өзгеру тәуекелдері мен салдарларын ескеру, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның нақты секторлары мен өңірлерінің климаттың өзгеруіне осалдығын ескере отырып, климаттың өзгеру салдарларын жұмсарту, бейімдеу және орнықтылықты арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу [5].
ҚР АШМ төмен көміртекті даму стратегиясының мынадай бағыттарын қолдайды:
  1. Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру;
  2. Заманауи цифрлық технологиялар мен ғарыштық технологияларды пайдалана отырып, ПГ шығарындыларын төмендету үшін нақты нәтижелерге қол жеткізу;
  3. Ауылшаруашылық шығарындыларын төмендету үшін субсидиялау бағдарламаларын жетілдіру;
  4. Су ресурстары, су үнемдеу технологияларын зерделеу және кеңінен енгізу, сондай-ақ гидрогеологиялық-мелиорациялық қызметтің материалдық-техникалық базасын жақсарту және олардың қызмет аймағын кеңейту;
  5. Қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуға жұмсалған шығындардың 50% өтеуді көздейтін инвестициялық субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау.
Қазақстанда биогаз өндірісін қаржыландыру бойынша қандай бағдарламалар іске асырылуда?
Қазіргі уақытта Қазақстандағы БҰҰДБ-ның және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен жобалары шеңберінде энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері саласында жұмыс жасап жатырған кәсіпкерлерді қаржылай қолдаудың үш бағдарламасы іске асырылуда (толық ақпарат: https://www.undp.org/ru/kazakhstan/news/programmy-finansovoy-podderzhki-predprinimateley).
Қаржылай қолдаудың екі бағдарламасы несиелер бойынша негізгі қарыздың бөлігін субсидиялауды келесі салалар үшін қамтиды:
  1. Шағын масштабты жаңартылатын энергия көздері саласында БҰҰДБ мен ҚР Энергетика министрлігінің "Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін төмендету" жобасы;
  2. БҰҰДБ мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Қазақстанда энергия тиімділігіне инвесторларды тарту үшін жағдайлар жасау" жобасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер бағдарламасы;
  3. БҰҰДБ-ЖЭҚ және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар" жобасы шеңберінде энергия тиімділігі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. https://kazniizhik.kz/myasnoe-skotovodstvo-3/
  2. https://eldala.kz/novosti/kazahstan/7380-parnikovye-vybrosy-ot-selhozproizvodstva-snizyat-v-kazahstane
  3. https://primeminister.kz/kz/inquiries/145
  4. https://exclusive.kz/expertiza/obshhestvo/124706/
  5. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11488215
Пожертвовать
Подписаться
Bilim Barine Foundation
To empower and mobilize people of Kazakhstan through equitable and inclusive education.
Follow us
© 2023 Bilim Barine. | Powered by Bilim Barine
Terms and Conditions
Privacy Policy
About cookies
Навигация
Главная
Команда
Направления
Ресурсы
Экология
Контакты
Республика Казахстан, Мангистауская область, город Актау, 130000
Язык
English
Қазак тілі
Русский
Made on
Tilda