English
Қазақ тілі
Русский
Войти
1. Экологияға байланысты әлемдік тенденциялармен танысу: орнықты даму және айналма экономика
Рефлексия/талқылауға арналған сұрақтар

  1. Сіз күнделікті өміріңізде қандай экологиялық мәселелермен беттесесіз?
  2. Сіз тұратын жерде қандай экологиялық мәселелер бар?
  3. Экологиялық проблемалардың алдын-алу үшін Сіз немесе жергілікті тұрғындар қандай іс-шараларды істегені жөн?
Тест
Тест сұрақтары
Тест бастау
Экология дегеніміз не?
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені көру
Экологиялық проблемалар туындауының негізгі себебі неде?
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені көру
«Орнықты даму» дегеніміз не?
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені көру
«Айналма экономика» дегеніміз не?
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені көру
Кешіріңіз, сіз өтпедіңіз
Қайтадан өту
Құттықтаймыз! Сіз сынақтан өттіңіз
Қайтадан өту
Кіріспе: экология мен экологияға байланысты әлемдік тенденциялармен танысу.

Автор: Биахметов Бауыржан Ақылбекұлы (bauyrzhanbiakhmetov@gmail.com)

Екінші өнеркәсіптік революциядан бері адамзат табиғи ресурстарды шектен тыс пайдалану мен тұтынудың салдарынан көптеген экологиялық проблемаларға тап болды (Grooten and Almond, 2018). Адамның табиғи ресурстарды пайдалану жылдамдығы олардың қалпына келу жылдамдығынан әлдеқайда жоғары, сол себепті экологиялық проблемалар одан әрі өршіп барады. Мысал ретінде, ғаламдық жылынуды қарастыруға болады. Көмірқышқыл газының жылдық шығарындылары өткен ғасырдың ортасында 3 Гт құрады, олардың қазіргі деңгейі 9,5 Гт (Friedlingstein et al., 2019). Егер бұл тенденция жалғаса беретін болса, көмірқышқыл газының ауадағы үлесі одан әрі асып, бұл, вирустардың таралуына, ауа райының күрт өзгеруіне, су тасқыны, құрғақшылық, дауыл, орман өрттері, аштық және т.б апаттардың белең алуына әкеп соғатыны белгілі. Бұған дәлел ретінде, соңғы 10 жылда болған ауқымды экологиялық проблемаларды айтуға болады. Әлемнің біршама аймақтарында 2020 жылы жауын-шашын мөлшері аз түсіп, соның салдарынан көптеген адамдарға құрғақшылықтың айтарлықтай зардабы тиді.

Қазақстанның өзінде, оңтүстік-батыс өңірлерінде құрғақшылықтың әсері қатты байқалды, көптеген ауылшаруашылық қожалықтары зардап шекті. Болашақта қалыптан тыс құрғақшылықтың Қазақстанда жиілене түсу ықтималдығы жоғары екенін айта кету қажет. Немесе, 2015 жылы Орталық Қазақстанда 3 аптада 200 мыңнан астам киік қырылып қалды, соны экологиялық проблеманың айғағы ретінде қарастыруға болады. Көптеген дәлелдерге негізделе отырып, киіктердің қырылу себебі пастереллез бактериясы болғаны расталды. Қоршаған ортаның өзгеруі, яғни температура мен ылғалдылықтың аномалды ауытқуы пастереллез бактериясының көбеюіне қолайлы жағдай жасағаны анықталды (Kock et al., 2018).

Бүкіл дүниежүзінде экологиялық апаттардың көлемі үлкейіп, жиілене түсуде және оған басты әсер етуші фактор ретінде жер шары ресурстарының шамадан тыс пайдаланылып жатқаны болып табылады. Оның үстіне, жер бетіндегі адамзат санының өсуі мен өмір сүру жағдайының жақсаруы жер ресурстарын пайдалануды одан әрі өсіреді. Күнделікті энергияны, киім-кешекті, азық-түлікті тұтыну, оларды өндіруге жұмсалған ресурстардың және қоршаған ортаға түсетін ластаушы заттардың көлемі өсуде. Мысалы, қалалардың урбанизациялануына, экономикалық дамуына және халық санының өсуіне қарай Дүниежүзілік банктің есебі бойынша, 2016 жылы 2,01 миллиард тонна қатты қоқыс қалдықтары пайда болды (Kaza et al., 2018). Адамзат өмірінің экологиялық және әлеуметтік аспектілеріне қарағанда, экономикалық пайдаға көбірек басымдылық беруді жалғастыра беретін болса, бұл көрсеткіш 2050 жылы 3,4 миллиард тоннаға дейін жетуі мүмкін (Kaza et al., 2018). Пайда болған қоқыстар көбінесе өртеледі, немесе қоқыс полигондарына және қоршаған ортаға түседі. Бұл өз кезегінде табиғатқа, тірі ағзаларға және адамзатқа кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, ескірген немесе қолдану мерзімі өткен заттарды қайта өңдеудің орнына, оларды қоқысқа тастау, сол заттарды өндіру кезінде жұмсалған ресурстарды босқа жоғалтумен пара-пар деп есептеуге болады. Осы секілді экологиялық мәселелер (таза судың жетіспеушілігі, жердің эрозияға ұшырауы, құрғақшылық, қоршаған ортаның ластануы) әлем бойынша ұлғая түсуде және осыған орай, оларды шешудің маңыздылығы да артуда. Жалпы, экологиялық мәселелерді шешудің заманауи экологиялық тенденциялары әлемде кеңінен таралып келеді. Солардың ішіндегі экологияны, қоршаған ортаны және адамзатты бір-бірімен тығыз байланыстырған тенденциялар: орнықты даму және айналма экономикасы.

Орнықты даму

Әлемде өркениеті дамыған және дамушы елдерде «орнықты», «орнықтылық» немесе «орнықты даму» сияқты сөз тіркестері адамның өмірі және оны қоршаған заттармен тығыз байланыста қолданылады. «Sustainable» сөзінің қазақ тіліне аудармасы «орнықты» дегенді білдіреді, алайда бұл сөздің мағынасы одан да кеңірек. «Орнықты» сөзі 1987 жылы Брунтланд комиссиясының есебінде былай анықталды: «Орнықты даму» дегеніміз - болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін
қанағаттандыру қабілетіне нұқсан келтірмей, қазіргі адамзат қажеттіліктерін қанағаттандыра білуі» (Imperatives, 1987).

Басқаша айтқанда, қоршаған ортаны қорғай отырып, оны келешек ұрпаққа сақтап, экономикалық ілгерілеу мен прогресті сақтауға бағытталған; яғни, тұрақты дамудың концепциясы «қоршаған ортаны қорғау саясаты мен экономикалық даму стратегияларын біріктіру үшін негіз береді» (Imperatives, 1987).

Аттенборо мен Хьюз өздерінің «Біздің планетамыздағы тіршілік» атты кітабында, көптеген мемлекеттердің теңіздегі балықты орнықты жолмен аулауы жайлы жазып кеткен. Балық аулау көптеген адамдардың негізгі кәсібі болып табылады. Интенсивті балық аулаудың салдарынан көптеген әлемдік теңіздерде балықтың саны күрт төмендеп, теңіз фаунасының нашарлауына әкеп соқты. Ал бұл, өз кезегінде көптеген адамдардың негізгі табыс көзінен айырылуына әкелді. Бұл орнықты емес балық аулау болып есептеледі, себебі қоршаған ортаға, адамдардың әлеуметтік және экономикалық жағдайына кері әсерін тигізді. Осындай проблемаларды шешу үшін, теңіздерде қорғалатын және балық аулауға рұқсат етілмейтін аймақтар пайда болды. Біраз уақыттан кейін балықтың саны қалпына келіп, қорғалатын аймақтан тыс суларда да балықтың саны өсе бастады (Attenborough, 2020). Балық аулау кәсібі жанданып, экономикаға және адамдардың өміріне оң әсерін тигізді. Бұндай жүйені орнықты деп санауға болады.

Қазақстандағы Арал теңізінің жағдайы халықаралық экологиялық проблема екені белгілі. 1960 жылдардың басынан бастап, Арал теңізіне келіп құятын негізгі екі өзеннің бойынан (Сырдария және Әмудария) егістікті суарудың кеңеюіне байланысты теңіздің тартылуына алып келді. Теңіздің деңгейі 23 м-ге төмендеді, ауданы 74%-ға қысқарды, көлемі 90%-ға азайып, ал тұздылығы 10-нан 100 г/л -ге дейін өсті (Micklin, 2007). 1-суретте, сіздер 1977-2013 уақыт аралығындағы Арал теңізіндегі өзгерісті байқасаныздар болады. Бұл жағымсыз экологиялық өзгерістерге әкелді, оның ішінде жергілікті балық түрлерінің жойылуына, шаң/тұзды дауылдардың басталуына, маңайдағы климаттың өзгеруіне және көлдің айналасында тұратын халықтың денсаулығына да теріс әсер етті. Суды шамадан тыс және дұрыс емес қолдану жүйесінің кесірінен Арал теңізі қазіргі жағдайға тап болып отыр, бұл орнықты емес су қолдану жүйесі болып табылады.
1-сурет. Арал теңізіндегі өзгеріс 1977-2013 жылғы уақыт аралығындағы (The Central
Asia Regional Economic Cooperation (CAREC) Institute, 2020).
Ғалымдар Майкл Портер мен Клас ван дер Линденің теориясы бойынша, қоршаған ортаның ластануы ресурстарды тиімсіз пайдаланудың белгісі болып саналады. Өндірістен шығатын ластануды төмендету арқылы қоршаған орта мен экономикаға пайдалы мүмкіндіктер ашылады (Porter and Van der Linde, 1995). Олардың гипотезасында айтылғандай, дұрыс әзірленген экологиялық саясат жаңа инновациялық жасыл технологияларды енгізуді және қолдануды ынталандырады, ал ол өз кезегінде өндіріс қалдықтарын азайтады. Инновациялық технологиялардың экологиялық проблемаларды шешуде немесе жеңілдетуде рөлі орасан зор. Бірақ, көптеген басқа ғалымдардың айтуынша, қоршаған ортаға қатысты жүргізіліп отырған саясат пен қоғамдық қолдау экологиялық ахуалдың жақсаруының негізгі әсер етуші факторлары
болып есептеледі (Emas, 2015). Айналма экономика – салыстырмалы түрде жақында
пайда болған бизнес модельдің түрі және де ол сызықтық экономика моделінде пайда
болатын экологиялық проблемаларды жаңа технологиялар немесе саналы шешімдер
арқылы шешуге бағытталған.

Негізі, экономкалық модельдің екі түрі бар: айналма және сызықтық. Айналмалы экономиканың сызықтық экономикадан басты айырмашылығы - адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында қалдықтардың немесе қосалқы өнімдердің кез-келген түрін шығармауға, қажетсіз материалдар немесе ресурстарды пайдаланбауға тырысады. Ал, сызықтық экономикада, керісінше, өндіру-жасау-пайдалану-жою принципі бойынша жұмыс жасалады (Sauvé et al., 2016). Мысал ретінде, пластикалық қаптаманы қарастыруға болады (2-сурет). Сызықтық экономика моделінде, пластикалық қаптаманың өміршеңдік кезеңі мұнайды жер астынан өндіруден басталып, кейін мұнайдан пластмасса пеллеттері өндіріледі, ал бұл пеллеттерден тамақ немесе әр түрлі заттарды қаптауға арналған пластикалық қаптамалар өндіріледі. Соңында, пластикалық қаптамалар қолданылып болғаннан кейін қоқысқа тасталынады. Өкінішке орай, қоқысқа тасталған пластикалық қаптамалар, көп жағдайда, қоршаған ортаға түсіп, әдетінше оны ластайды. Жаңа пластикалық қаптамаларды өндіру үшін, шикізат материалдары жер шарының ресурстарынан алынады. Бұл планетамыздың ресурстарын азайтып, пластикалық қоқыстарды, керісінше, көбейтеді. Айналма экономикада, қоқысқа
тасталған пластикалық қаптамаларды қайта қолдану немесе қайта өңдеу арқылы экологиялық проблеманы шешуге болады.
2-сурет. Пластикалық қамтаманың сызыөтық және айналмалы экономика модельдері.
Әдебиеттер тізімі

ATTENBOROUGH, D. 2020. A life on our planet: My witness statement and a vision for the
future, Random House.
EMAS, R. 2015. The concept of sustainable development: definition and defining principles.
Brief for GSDR, 2015.
FRIEDLINGSTEIN, P., JONES, M. W., O'SULLIVAN, M., ANDREW, R. M., HAUCK, J.,
PETERS, G. P., PETERS, W., PONGRATZ, J., SITCH, S. & LE QUÉRÉ, C. 2019.
Global carbon budget 2019. Earth System Science Data, 11, 1783-1838.
GROOTEN, M. & ALMOND, R. E. 2018. Living planet report-2018: aiming higher. Living
planet report-2018: aiming higher.
IMPERATIVES, S. 1987. Report of the World Commission on Environment and
Development: Our common future. Accessed Feb, 10, 1-300.
KAZA, S., YAO, L., BHADA-TATA, P. & VAN WOERDEN, F. 2018. What a waste 2.0: a
global snapshot of solid waste management to 2050, World Bank Publications.
KOCK, R. A., ORYNBAYEV, M., ROBINSON, S., ZUTHER, S., SINGH, N. J.,
BEAUVAIS, W., MORGAN, E. R., KERIMBAYEV, A., KHOMENKO, S. &
MARTINEAU, H. M. 2018. Saigas on the brink: Multidisciplinary analysis of the
factors influencing mass mortality events. Science advances, 4, eaao2314.
MICKLIN, P. 2007. The Aral sea disaster. Annu. Rev. Earth Planet. Sci., 35, 47-72.
PORTER, M. & VAN DER LINDE, C. 1995. Green and competitive: ending the stalemate.
The Dynamics of the eco-efficient economy: environmental regulation and
competitive advantage, 33.
SAUVÉ, S., BERNARD, S. & SLOAN, P. 2016. Environmental sciences, sustainable
development and circular economy: Alternative concepts for trans-disciplinary
research. Environmental Development, 17, 48-56.
THE CENTRAL ASIA REGIONAL ECONOMIC COOPERATION (CAREC) INSTITUTE 2020.
International Symposium on Ecological Restoration and Management of the Aral Sea.
Мақалаға байланысты тапсырмалар

  1. Арал теңізіндегі экологиялық жағдайға оң әсер ететіндей адамзат қандай орнықты шешімдер қабылдай алады?
  2. Сызықтық экономика моделімен жұмыс істейтін пластикалық қаптама өндірісін айналма экономика моделіне көшіру жолдары? Неліктен айналма экономика моделіне көшу керек?
Тест
Тест сұрақтары
Тест бастау
Келесі кестедегі берілген мысалдардың қайсысы орнықты және орнықсыз дамуға жатады?

Қала маңайындағы жасыл аймақтарды көбейту. Оларға саябақтар, сулы-батпақты жерлер, көлдер, ормандар немесе басқа экожүйелер жатады. Олар қалаларды салқындатуға септігін тигізеді және де сол жердегі ағаштар оттегіні шығарып, ауаның ластануын төмендетеді.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені көру
Келесі кестедегі берілген мысалдардың қайсысы орнықты және орнықсыз дамуға жатады?

Адамдар, көбінесе, қоршаған ортаға тигізетін зияндығына қарамастан, қолдану мерзімі аз пластикалық пакеттерді пайдаланады.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені көру
Келесі кестедегі берілген мысалдардың қайсысы орнықты және орнықсыз дамуға жатады?

Жасыл энергияны пайдалануға басымдылық берілу керек, себебі ол климаттың өзгеруін шектейді, әлеуметтік дамуды ынталандырады және экономикалық өсімді қамтамасыз етеді.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені көру
Келесі кестедегі берілген мысалдардың қайсысы орнықты және орнықсыз дамуға жатады?

Дұрыс тамақтану мен таза су адам өмірінің негізін құраса да, жыл сайын миллиондаған тонна тамақ пен су ысырап етіледі.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені көру
Келесі кестедегі берілген мысалдардың қайсысы орнықты және орнықсыз дамуға жатады?

Сызықтық экономика моделіне басымдылық беру айналмалы экономикаға қарағанда тиімдірек, себебі көбірек пайда табуға болады.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені көру
Келесі кестедегі берілген мысалдардың қайсысы орнықты және орнықсыз дамуға жатады?

Су үнемдеуге арналған қондырғылар егістік алқаптарында қолданылуы керек, себебі ол су ресурстарын тиімді пайдалануға әсер етеді.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені көру
Келесі кестедегі берілген мысалдардың қайсысы орнықты және орнықсыз дамуға жатады?

Көптеген мемлекеттер қазба отындарын, яғни көмірді, мұнайды, газды негізгі электр және жылу энергиясын өңдіру шикізаты ретінде қолданады.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені көру
Келесі кестедегі берілген мысалдардың қайсысы орнықты және орнықсыз дамуға жатады?

Ауыспалы егіс алқабы - бұл бір аймақта әр түрлі дәнді дақылдарды бір-бірімен алмастырып отыру жүйесі. Дүниежүзі бойынша бұндай жүйе жиі қолданылып келеді, себебі ол топырақтың құнарлығын сақтауға немесе арттыруға және мол өнім алуға бағытталған.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені көру
Кешіріңіз, сіз өтпедіңіз
Қайтадан өту
Құттықтаймыз! Сіз сынақтан өттіңіз
Қайтадан өту
Өзіндік жазбаша жұмыс

  1. Орнықты емес және сызықтық экономика моделімен жұмыс істейтін белгілі бір өндірісті сипаттау.
  2. Сипатталған өндіріске қарама-қарсы, яғни орнықты және айналма экономика моделімен жұмыс істейтін өндірісті анықтау.
  3. Экологиялық, әлеуметтік және экономикалық әсері тұрғысынан сипатталған екі өңдірістің айырмашылығын анықтау.
Made on
Tilda