Қоршаған ортаға әсері. Атмосфералық ауаға шығарылатын ауа ластаушы шығарындылардың ішіндегі ең қауіптісі - парникті газдар, себебі бұл газдар жылыжайлық әсер арқылы жер шарының орташа темпаратурасының жоғарылауына алып келеді. 1906 жылдан бері жер бетінің орташа жаһандық температурасы 0,9оС-дан астам мөлшерде өсті, бұл үрдіс сезімтал полярлық аймақтарда қатты байқалады (The U.S. Global Change Research Program (USGCRP), 2021). Температура көтерілуінің салдары дәл қазірдің өзінде айқын көрініс табуда және оларға
мұздықтар мен теңіз мұздарының еруі, жауын-шашындағы өзгерістер, жануарлардың көшке келуі жатады. Климаттың өзгеруі тек орташа температураның көтерілуіне ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар қауіпті ауа-райының құбылыстары, жабайы жан-жануарлардың популяциясы мен мекендеу ортасының ауысуы, теңіздердің көтерілуі және басқа да бірқатар экологиялық мәселелердің туындауына себепші болады. Бұл өзгерістердің барлығы болашақта күшейе түседі деген болжам бар, себебі адамдар өз тарапынан жылуды ұстап тұратын парниктік газдарды атмосфера құрамына көп мөлшерде қосу ісін әлі де жалғастыруда.
Ғалымдар, қазірдің өзінде парникті газдардың себебінен климаттың өзгеруіне байланысты көптеген экосистемалар өзгеріске ұшырап отырғанын анықтап отыр. Бүкіл әлемде, әсіресе, Жердің полюстерінде мұздар еріп жатыр. Бұл үрдіске тау мұздықтары, Батыс Антарктида мен Гренландияны қамтитын мұз қабаттары және Арктикалық теңіз мұзы кіреді. Мысалы, АҚШ-тағы Монтана мұздықтары ұлттық саябағында мұздықтардың саны 1910 жылы 150-ден астам болса, ал қазіргі кезде ол 30-ға дейін азайды. Мұздықтардың еруі тұщы судың
азаюына алып келеді, өйткені мұздықтар әлемдегі тұщы судың төрттен үш бөлігін құрайды (National Snow and Ice Data Center, 2020). Бұл еріген мұздың көп бөлігі теңіз деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Жаһандық теңіз деңгейі жылына 3,2 миллиметрге көтерілуде және соңғы жылдары көтерілу үрдісі жылдамырақ жүруде (NASA, 2021). Ғасырдың соңына қарай, теңіз деңгейі 26 және 82 сантиметр немесе одан да жоғары денгейге өседі деп күтілуде (National Geofraphic, 2016). Бұған қоса атап өтетін жайт, орташа жауын-шашын мөлшерінің көрсеткіштері
(жаңбыр мен қар) бүкіл әлем бойынша ұлғаю үстінде. Дегенмен, кейбір аймақтар қатты құрғақшылық жағдайын бастан кешіруде, бұл орман өрттерінің, егін алқаптарының жоғалуы және ауыз су тапшылығының қаупін арттыруда. Болашақта әлемде су тасқыны мен құрғақшылық жиі орын алады деп болжануда. Мысалы, АҚШ-тың үлкен бөліктері 2100 жылға қарай, ондаған жылдарға созылатын «мегақұрғақшылықтың» жоғары қаупіне тап болады-мыс.
Мұздың біртіндеп жоғалу үрдісі Антарктидадағы Адели пингвині сияқты түрлерге қауіп төндірді, ол жердегі батыс түбекте кейбір популяциялар 90 пайызға немесе одан да көп мөлшерде құлдырай бастады. Кейбір басқа жан-жануарлар, көбелектер, түлкілер және альпі өсімдіктері солтүстікке немесе одан жоғарырақ жерлерге, салқын аймақтарға қоныс аударуға мәжбүр. Кейбір түрлердің солтүстікке қарай қоныс аударуы олардың өніп-өсуіне оң әсер етсе, басқаларына кері әсер етуі мүмкін, мысалы, ақ аюлар көшіп барған жерлеріне бейімделе алмауы
және жойылып кетуі әбден мүмкін (National Geofraphic, 2018). Кейбір түрлер, соның ішінде, масалар, кенелер, медузалар және өсімдік зиянкестерінің түрлері көбейіп кеңінен таралуда. Мысалы, шырша және қарағайлармен қоректенетін қабық қоңыздарының өсіп келе жатқан популяциясы АҚШ-та миллиондаған гектар орман алқаптарын жойды (United State Department of Agriculture (USDA), 2014). Ал, масалардың көбеюі, безгек ауруының таралуына ықпал етіп жатыр.
Әдебиеттер тізімі
CENTER FOR RESEARCH ON ENERGY AND CLEAN AIR (CREA) 2020. Quantifying the
economic costs of air pollution from fossil fuels.
LANZI, E. 2016. The Economic Consequences of Outdoor Air Pollution. Organization for Economic
Cooperation and Development. Retrieved from https://www. oecd. org/environment/indicators-
modelling-outlooks/Policy-Highlights-Economic-cons equences-of-outdoor-air-pollution-web.
pdf.
NASA 2021. Advancing NASA Sea Level Science and Interdisciplinary Research.
NATIONAL GEOFRAPHIC 2016. Why the New Sea Level Alarm Can't Be Ignored.
NATIONAL GEOFRAPHIC 2018. Polar Bears Really Are Starving Because of Global Warming,
Study Shows.
NATIONAL SNOW AND ICE DATA CENTER 2020. Facts about glaciers.
THE U.S. GLOBAL CHANGE RESEARCH PROGRAM (USGCRP) 2021. Land and ocean surface
temperatures are increasing.
UNITED STATE DEPARTMENT OF AGRICULTURE (USDA) 2014. Bark Beetles and Climate
Change in the United States.
WHO Air Pollution.